Іздеу жұмыстары 20 мамырға дейін жалғаспақ.
Департаменттің ақпаратына сәйкес, жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Белсенді кезеңде ұшқышсыз ұшу аппараттары және басқа да іздеу құралдары қолданылып жатыр. Екінші кезеңде су жағалауларына мониторинг жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынуда. Кейін ер адамның келісімшарт негізінде жұмыс істейтін әскери қызметкер екені хабарланды. Оқиға орнында болған достарының сөзінше, жоғалып кеткен ер адам ішімдік ішпеген. Бұған дейін желіде арқан арқылы ағысы қатты өзеннен өтпек болған ер адамның видеосы тарады. Ол суға құлап, кейін оны ағыс алып кеткен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылған.Өзеннен өтпек болып, суға кеткен әскери туралы жаңа дерек шықты
15.05.2025
422
Жетісу облысында Көксу өзенінен темір арқан арқылы өтпек болып, суға құлап кеткен 36 жастағы әскери қызметші әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Облыстық ТЖД ер адамның Кербұлақ ауданында із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Ер адам Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған кезде оны ағыс алып кеткен.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026