Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының 20 жастағы қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Ланстан» ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Prosports.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Бен Джейкобс пен Фабрицио Романо хабарлады.
Журналистердің мәліметіне сәйкес, ағылшындықтар өзбекстандық футболшы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын.
Футболшының ауысуына қатысты келіссөздер қарқынды түрде жүріп жатыр. Айта кетейік, 2023 жылы Хусанов Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсеткен. Сол жылдың шілде айында ол француздық «Лансқа» небәрі 0,1 миллион еуроға ауысқан болатын.
«Ланс» сапында Хусанов 31 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Француз клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалған еді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы бағасы 12 миллион еуро деп көрсетілген.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026