Орал қаласының тұрғыны автосалоннан 2,2 млн теңге өндіріп алды
13.01.2025
257
Орал қаласының тұрғыны сот арқылы автосалоннан 2,2 млн астам теңге өндіріп алды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын мен автосалон арасында 2023 жылғы 14 наурызда автокөлікті сатып алу үшін шарт жасалған.
2023 жылы 11 сәуірде талапкер жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Бұдан кейін ол жауапкерге көлікті жөндеу бойынша қызмет көрсетуге жүгінген. Арада үш күн өткенде, жауапкер қажетті қосалқы бөлшектердің, материалдардың және қызмет көрсету құнының тізбесін жасап, сақтандыру төлемі арқылы өтелген 2 млн 217,595 мың теңгенің сметалық құнын жіберген.
Талапкер 15 мамырда автокөлікті жауапкерге жөндеуге беріп, бір жылдан кейін, 2024 жылдың 2 шілдесінде ғана қайтарып алған. Алайда көлік жөнделгеннен кейін ақаулар анықталып, оны талап қоюшының өзі түзетуге мәжбүр болған.
- Талапкер автокөліктің сапалы жөнделмегенін негізге ала отырып, соттан жауапкерден уақтылы қызмет көрсетпегені үшін айыппұл мен моральдық шығынды өндіруді сұрады. Сот іс материалдарын зерттей келе, талап арызды ішінара қанағаттандырып, талапкердің пайдасына 18,5 мың теңге шығын сомасын, 2 млн 250 мың теңге тұрақсыздық айыбын және 100 мың теңге моральдық залалды өндірді. Шешім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026