Орал қаласының маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға "Дала Қырандарынан" 400 адам қатысты
17.04.2024
361
“Дала қырандары" жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке ҚР Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды.
Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусинов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елдімекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олар ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б түрлі спорт түрлерінің өкілдері.
Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектесті. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, қайырымды азаматтар жіберген дүниелерді сол жерде сұрыптап, еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиеді. 9 сәуірде Тайтөбе кенті тұрғындарына көмек қолын созды. Ал 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні қозғалыс қатысушылары Жібек Жолы ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жергілікті бөгетті нығайту жұмыстарына атсалысты.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026