Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Оқу ақысы - 13 340 000 теңге": Елімізге танымал олигархтардың ұл-қызы қандай мектепке барады? (ВИДЕО)
10.11.2024
505
Желіде олигархтардың балалары қандай мектепте оқитындығы туралы видео тарады. Осы орайда Ozgeris.info тілшісі байдың балалары мен олар оқитын мектепке кеңінен тоқталмақ.
Видеода Болат Өтемұратовтың қызы - Динара Өтемұратова, Тимур Құлыбаевтың қызы - Дениза Асқар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы - Тауман Нұрсұлтан, Нұрлан Нығматулиннің ұлы - Мәди Нығаматулин, Айдын Рахымбаевтың қызы - Аружан Рахымбаев, Алмасадам Сәтқалиевтің қызы - Анадэль Майданова бар. Бұл тізімде нағыз сүт бетіндегі қаймақтардың ұлы мен қызы бар.
Желіде жарияланған бейнероликке сүйенсек, олигархтардың балалары елордада орналасқан Haileybury Astana мектебінде білім алады екен. Аталмыш мектеп Астанадағы беделді де, белді оқу орындары рейтингінде екінші орында тұр.
Haileybury Astana – британдық жүйе бойынша білім беретін беделді британдық Haileybury мектебінің филиалы. Мектеп өзінің жоғары оқу жетістіктерімен және оқушыларын Ұлыбритания мен әлемнің үздік университеттеріне түсуге дайындайтындығымен танымал.
Haileybury Astana мектебінде білім алу үшін жылына 9 053 800 теңгеден 13 340 000 теңгеге дейін төлеу керек.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026