"Өмірім үш секундта өзгеріп кетті". Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен оқиғаны айтып берді
21.11.2024
319
Отандық танымал әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен оқиғаны еске алып, сол жағдайдан кейін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі 2017 жылғы жол апатынан кейін өмірі түбегейлі өзгеріп кеткенін жеткізді. Әнші алдымен ауруханада, кейін үйінде 2-3 ай жатқан. Ол бұл жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгеріп, отбасын құруға бел буған.
"Күнім сен сөнбеші" деген әнімнен кейін табылды. Жол апатына түстім. Оған дейін бойдақтық өмір. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүріге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесін" деді.
Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", - деді Ернар Айдар "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.
[embed]https://youtu.be/AmiipVz6DjI[/embed]
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026