Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайдан шыға сала көлік тарту етілді
05.08.2024
331
Бүгін Парижден Алматыға ұшып келген Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайдан шыға сала су жаңа қымбат көлік тарту етілді. Темір тұлпарды спортшыға Алматы қаласы Дзюдо федерациясының вице-президенттері өз қаражатына алып берген, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Желіге тараған видеода көргеніміздей, спортшыны құшақ жайып қарсы алып жатқан халықтың қарасы көп. Құрмет-қошеметке бөленген Ғұсман Қырғызбаевты әуежай сыртында қара түсті Toyota Land Cruiser көлігі күтіп тұрды.
Айта кетейік, бүгін Олимпиаданың алтын жүлдегері Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Алматы әуежайына ұшып келді. Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған еді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026