Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Белгілі спортшыны еліміздің ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев ұжымға таныстырды.
Тағайындау барысында Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.
Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл енді өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол алда жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуді көздеп отырған көрінеді.
Жазира Жаппарқұл 69 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сонымен бірге, әлем біріншіліктерінде екі мәрте күміс медаль иеленген (2014, 2015ж.).
Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Видеодан скриншот
04.03.2026
119
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026