— Егер Қаржаубай Нұрымов ұлының басқа баланы соққыға жыққаны үшін Дархан Аскентайдан кешірім сұрағанда, кінәсін мойындағанда — бұл қайғылы оқиға болмас еді. Өкінішке қарай, сот тергеуі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайды реттеуге тырысқанын дәлелдеген жоқ. Егер марқұм Шерзат төбелесті бірінші болып бастамаса, Нұрғанат мылтық алып келмесе, оқ атып, агрессия танытпаса — жағдай мүлде басқаша болар ма еді, — деді қорғаушы.Айта кетейік, бұған дейін Равиль Сакиевтің адвокаты да сөз алып, жәбірленуші тараптың 150 млн теңге өндіру туралы талап-арызын қабылдамауды сұрады. Сакиевтің адвокаты сотқа кінәсіздік презумпциясын еске салып, тергеу оның қорғауындағы адамға қатысты кісі өлтірудің нақты мотивін дәлелдейтін айғақ ұсынбағанын айтты. Сондай-ақ, бұл талап-арыз айыптау шегінен тыс екенін жеткізді.
"Нұрғанат кешірім сұрағанда": Шерзат ісі бойынша айыпталушының қорғаушысы қайғылы жағдай туралы
02.06.2025
332
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда тараптар жарыссөз кезеңіне өтті. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбай күдіктілерге ең жоғарғы жаза сұраған болатын. Прокурор мен Шерзаттың отбасы өкілдерінен кейін сотта айыпталушылардың қорғаушылары сөз алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сондай-ақ, Дана Сарсенбай Шыңғыс Белғожайға ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі — «Суық қару қолдану арқылы бұзақылық» бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Ал Белғожайдың адвокаты өз сөзін марқұм Шерзат пен оның әкесі Қаржаубай мен нағашысы Нұрғанатты айыптаудан бастады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026