«Неге сот менің баламның өмірін 9 жылға тең деп шешті? Оларға ең жоғары мерзім тағайындауға не кедергі болды? Ауырлататын жағдайлардың бәрі бар – бұл қылмыс алдын ала жоспарланған, өйткені сотталушы пышақтарды алдын ала сатып алған. Ол жалға алған пәтерде қаруланған, бірақ көшеде кімге шабуыл жасайтынын таңдамаған. Нәтижесінде, менің балам қаза тапты. Ең сорақысы – ол қанды қолмен қашып кеткен. Оған қоса ішіп алғаны бар», – деді марқұмның анасы.
“Неге сот баламның өмірін 9 жылға теңеді?”: Баласынан айырылған анасы сотта жанайқайын жеткізді
08.03.2025
358
Қарағандыда Диас Кейкеновке бірнеше рет пышақ жарақатын салып, өлтіріп кеткен күдікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Патриот» Telegram-арнасы хабарлауынша, үкімді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жаңылсын Шамұратова шығарды. Негізінде прокурор Әсел Амантаева сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған, бірақ сот басқаша шешім қабылдады. Бұл қылмысқа сәйкес ең жоғарғы жаза – 12 жыл.
Диас Кейкеновтің анасы соттың 9 жыл жаза тағайындағанына қатты ашуланды.
Диас Кейкенов 2024 жылғы 13 наурызға қараған түні ауыр жарақат алды. Дәрігерлер екі күн бойы оның өмірі үшін күресті, бірақ ол 15 наурызда екінші операция кезінде қайтыс болды.
Сотта сотталушының адвокаты Сембай Тәжікеев жасөспірімнің өліміне дәрігерлер кінәлі деп мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрігерлер баяу әрі кәсіби емес жұмыс істеген.
Алайда Диастың ата-анасы мен прокурор Әсел Амантаева бұл айыптауларға қарсы шығып, Диастың өліміне сотталушы кінәлі екенін дәлелдеу үшін жедел жәрдем мен аурухана дәрігерлерінің секунд сайынғы әрекеттерін дәлел ретінде ұсынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026