"Мисыз, мен болмасам картоп терер едің": Рыбакина мен бапкерінің арасында не болғаны белгілі болды
12.02.2025
301
Ұлыбританиялық The Athletic басылымы Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері, хорватиялық Стефано Вуковқа қатысты тексеру қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Хорватиялық маманның Рыбакинаға психикалық және күш көрсету қысымын жасағаны айтылды. Бұл теннисшінің үнемі ауырып қалуына да себеп болған.
Вуков қазақстандық спортшыны "мисыз" деп атап, "Егер мен болмасам, Елена Ресейде картоп жинап жүрер еді" деп кемсіткен. Бұдан бөлек, Australian Open чемпионаты кезінде Вуков пен Рыбакинаның Мельбурнда бір бөлмеде тұрғаны жазылған.
2024 жылы Рыбакинаның Вуковпен қош айтысқаны белгілі болды. Содан кейін Стефано әдеп кодексін бұзғаны үшін WTA жұмысынан шеттетілді. Елена WTA қорытынды турниріне дейін бапкерсіз қалды. Кейін оны Горан Иванишевич жаттықтырды. Алайда 2025 жылы қаңтарда теннисші Вуковты командасына қайта қосты. Ал сол айда Иванишевичпен қарым-қатынас тоқтатылды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Елена Рыбакинаны италиялық маман Давиде Сангвинетти баптап жүр.
Бүгін Доха (Қатар) WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 46-ракеткасы, словакиялық Ребекка Шрамковамен кортқа шығады. Р.Шрамкова екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны 3:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, жарыс жолынан тайдырды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026