Миллионер ит: Үндістандық магнат байлығын итіне мұрагерлікке қалдырды
29.10.2024
332
Әлемге танымал Tata Group конглемератының басшысы Ратан Тата 86 жасында дүниеден өткен. Ол сүйікті итіне 91 млн фунт стерлинг жазып, оны өмір бойы қамқорлықта ұстауды тапсырған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Dailymail-дің жазуынша, үндістандық кәсіпкер ешқашан үйленбеген, балалары болмаған. Ол өзінің тұрғын жайын бауырларына қалдырған.
Тата өзінің өсиетнамасында бауырларынан гөрі қызметшісі, аспазы және иті Титоға ең көп байлығын жазып қалдырған.
Кәсіпкердің жақын досы Сухель Сеттің айтуынша, Татаның 50 жасқа келіп қалған қызметшісі мен аспазына Титоға бас-көз болу үшін қалдырған қаражаты олардың бүкіл өмірін қамтамасыз етеді.
«Оларға өте жомарттық танытты. Енді олар еш жерде жұмыс істемесе де болады», - деді ол.
Ратан Тата 1937 жылы дүниеге келген, оның атасы TISCO болат құю зауытының негізін қалаған. Кейін компания Tata Group халықаралық конгломератына айналады. Бүгінде оның құрамына 29 компания кіреді, әлемнің 160 елі оның өнімін сатып алады. Компанияның нарықтағы капиталы 403 миллиард долларды құрайды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026