”Атап айтқанда мүфтияттың бұл аяқ астынан жанталасқан арсыз тірлігі ертең бұндай имам ҚМДБ жүйесінде қызмет етпейді немесе имамдық жұмыстан әлдеқашан босатылған деп айту үшін ғана жасалған екіжүзді пасық іс-әрекет деп білемін. Өз басым осы сорақылықтардың бәріне діннің атын жамылып,өтірік моралист сияқты боп көрінетін клерикал имамдардың төрағасы, бас мүфти Наурызбай Өтпенов тікелей жауапты деп есептеймін”, – деді редакцияға хабарласқан.Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 1983 жылы 17-мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жаңақорған ауданындағы № 125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде, Түркістан қаласындағы «Хасан Оралтай» атындағы медресесінде, Шымкент қаласындағы «Қамар» атындағы медресесінде, Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесінде тәлім алған. 2005-2006 жылдары Ыстамбұл қаласындағы «Ыстамбұл муфтиятында» білім алған. 2015 жылдың қараша айының 12-нен бастап, Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Үйленген, екі баланың әкесі.
Мас имам: Қостанайдың бас имамы қамауға алынды
25.07.2024
332
Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасаған Ozgeris.Info.
Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен жанында масаң күйде көлігін айдап бара жатқанда ұсталған.
Оқиға 23 шілдеде болған. Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесі «Регион 03» клубтың қасында Toyota Highlander автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін көрсеткен. Бірақ сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Тәжімбет сыра іштім деп жауап берген.
Бір айта кетерлігі, ҚМДБ, яғни мүфтият өзінің ресми сайтында осы бас имам туралы ақпаратты жедел өшіріп тастаған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026