Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мақпал Жүнісова ауласын сыпырғаны Қазнетті таң қалдырды
02.12.2024
275
Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде ауласын тазалап жүрген видеосын бөлісіп, қазнетті тәнті етті. Өнер иесі өзінің еңбекқорлығын көрсетіп қана қоймай, жастарды да еңбекті сүюге шақырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мақпал Жүнісова таңмен таласа метласын қолға алып, ауласын тазалады. Әнші бұл әрекеті арқылы бала кезіндегі тәрбие мен еңбекке баулу туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
"Біздің заманымызда аналарымыз бізді еркелетпейтін. "Қызым, тұр да аула тазала" деген дауыс шықса, ұйқыны қойып, іске кірісетінбіз. Ал қазіргі жастар көп шаршайды деп ойлаймын. Бір-екі пиала жуса, "шаршадым" дейді. Бұл дұрыс емес. Еңбек тәрбиесінен өткен адам ғана өмірде табысты болады", - деді әнші.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың бұл әрекетін жоғары бағалап, оны қарапайымдылықтың үлгісі ретінде атап өтті.
"Сізге бас иеміз, Мақпал апай!", "Жастарға қандай керемет сабақ бердіңіз!", "Еңбекқорлық – нағыз тәрбие", "Өмірлік тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет", – деп пікір білдірді қолданушылар.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026