“2024 жылы 2 желтоқсанда кезектілік негізінде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Вэнь Цзяцзюнь ММГ бас директоры болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Геология және пайдалы қазбаларды барлау саласында техника және технология магистрі дәрежесін алып, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген. Оның еңбек жолы 2005 жылы CNDOC компаниясында басталды. 2005-2024 жылдар аралығында "SNPS – Ай Дан Мұнай" АҚ-да жетекші супервайзерден компанияның президенті қызметіне ауысты. 2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Компания мәліметінше, Болат Сейітмағанбетов "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Болат Сейітмағанбетов 1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Алматы менеджмент университетін бітіріп, іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды. Болат Сейітмағанбетов 1993 жылы еңбек жолын "Қаламқасмұнайгаз" кәсіпорнында операторлық қызметтен бастап, қызметте цех пен өндірістік бөлімшенің басшысына дейін көтерілді. 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды. Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Мұстафаев "Маңғыстаумұнайгаздың" бас директоры қызметін атқарып келді.
"Маңғыстаумұнай" компаниясын қытайлық басқаратын болды
03.12.2024
246
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ мұнай-газ компаниясының бас директоры мен бірінші орынбасары ауысты. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Stan.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамында акционерлердің келісімі бойынша ротация үш жыл сайын жүргізіледі.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026