Майкл Джексонның туған ағасы өмірден өтті
16.09.2024
285
Американдық танымал әнші, музыкант, The Jackson тобының белді мүшесі Тито Джексон 70 жасында өмірден өтті. Оны көпшілік поп-музыка королі Майкл Джексонның туған ағасы ретінде де біледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қаралы хабарды көпшілікке танымал отбасының досы Стив Мэннинг мәлімдеді. Variety басылымының дерегінше, өнер иесінің өліміне не себеп болғаны әзірге анықталмаған.
Тито бауырлары Джеки, Джермейн, Марлон және 2009 жылы бақилық болған Майклмен бірге The Jackson 5 тобының мүшесі болды.
Тито осыдан төрт күн бұрын Мюнхенде жанкүйерлердің бастамасымен құрылған Майкл Джексон мемориалына барғанын жазған.
Айта кетейік, The Jackson 5 тобы 70-жылдары музыкаға жаңа бағыт сыйлаған ұжым атанды. Олар алғашқы төрт туындысы («I Want You Back», «ABC», «The Love You Save» және «I’ll Be There») американдық чарттың көшін бастаған алғашқы музыкалық топ болды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026