"Осы жеңіс үшін қаншама тер төктік. Аллаға шүкір, жемісін жедік. Қазақстан чемпионы әділ өтті, барлық жекпе-жегім таза болды. Бір кездері кешке дейін жұмыс істеп, кешке жаттығу жасадым. Бір жыл бойы ұлттық құрамадан шығып қалдым. Айлық жоқ. Барлық жерден айлықты алып тастады. Амалсыздан курьер болып жұмыс істедім. Жаттығуымды қойып кетпес үшін маған осындай жұмыс ыңғайлы болды. Өзім қашан шығамын, қашан істеймін, өз еркімде болды. Осындай жағдайлардан кейін ұлттық құрамаға қайта оралып, Азия ойындарына бардым. Ол жақта моңғол спортшысы допингпен ұсталып, қола жүлде бұйырды", - деді Ертуған Зейнуллин.Естеріңізге сала кетейік, 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Ертуған Зейнуллин (Алматы облысы) мен Жандос Қыдыралиев (Алматы) кездесу өткізді. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллин төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Дереккөз: nur.kz
"Курьер болып жұмыс істедім": Ел чемпионы атанған боксшы ұлттық құрамадан шығып қалғанын айтты
24.12.2024
323
Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Ертуған Зейнуллин финалдағы жеңісінен кейін сұқбат берді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026