«Көз жасын тыя алмады»: Ақтаудағы әуе апатында бір-бірінен көз жазып қалған ерлі-зайыпты табысты (видео)
09.01.2025
263
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Нұролла Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайы Муслимат Сираджовамен қауышты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Yeni klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нұрида Аллахярованың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Yeni klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нұрида Аллахярова бұл қуанышты жаңалықты Facebook әлеуметтік желісінде хабарлап, видео жариялады. Видеодан Нұролла Сираджовтың бір күн бұрын клиникаға жеткізілген жұбайына барған сәтін көруге болады. Палатаның босағасында тұрып, ол әйеліне қарап көзіне жас алған.
"Ережені бұзып, ғашықтарды мереке кезінде кездестіруге тура келді. Нұролла ағай мен оның әйелі туралы бәрінен сұраған зардап шеккен азамат естеріңізде болар. Кешкі уақытта Муслимат апай Ақтаудан емханаға жеткізілді. Осындай көрініске куә болдық", - деп жазды медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы.
Еске салайық, Сираджовтар отбасы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшатын рейс кезінде ұшақта болған. Нұролла Сираджов апат кезінде жұбайы Муслимат қасында отырғанын, бірақ есін жиғанда оны таппай қалғанын айтқан болатын. Алғашқыда әйелдің апатта қаза болғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейін оның аты тірі қалғандар тізімінен табылды. Ол Қазақстанда емделіп, 30 желтоқсанда Yeni Klinika ауруханасына жеткізілген.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026