”Романов — мұсылман емес, неке оған шарт емес. Бірақ, сол Романов ойнас жасауды қолдамаймын деген. “Менің ата-бабам қан тазалығы үшін 300 жыл күресіп, кілең патшалардың, тектілердің қызын алған. Енді менің көрінген жерге төгіп кететін ұрығым, біреумен бөлісе салатын төсегім жоқ”, — дейді. Ойлашы, ол қажылыққа барып келген немесе намаз оқып жүрген адам емес. Ол — текті. Сол текті адам “көрінген жерде көрінген адаммен жатып кететін, шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”, — дейді. Ал тексіз адам төбет ит сияқты жүреді”, — дейді ол.Айтыскер ақын осындай мазмұндағы мысалдарды өзінің жақында жарық көрген “Енді айтуға болады” деген жаңа кітабында жазған. Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхмамеджан Тазабекті “тоқал мен төсек мәселесін көп қозғайды” деп сынауда. ”Осындай төсектің айналасынан басқа ғибратты әңгіме жоқ па”, “Тоқал мен төсектен аса алмай қалдық қой”, “Жастарға төсек емес, білім-ғылым туралы айту керек”, — деп жазды олар.
"Көрінген жерге төгіп кететін ұрығым жоқ": Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы сөз қозғады
28.04.2025
318
Психологияға бет бұрған ақын жастармен өткен кездесулердің бірінде сөйлеген сөзін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Caravan.kz -ке сілтеме жасап.
Видеодан Мұхамеджан Тазабектің Ресейдің Романовтар әулетінің тектілігін мысалға келтіріп жатқанын байқауға болады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026