ҰҚК РК[/caption]
Кәрім Мәсімовтің үйі Астанада аукционға қойылды
10.02.2025
235
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы елордадағы Нұра ауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйді сатылымға шығарды.
Нысанның бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна – 117,9 млн теңге. Аукцион 25 ақпанда сағат 10:00-де өтеді.
Үйдің фотосуреттері 2022 жылы Қарим Мәсімов тұтқындалғаннан кейін ҰҚК жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Тергеу барысында экс-төрағаның әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталып, оның заңсыз жолмен жылжымайтын мүлік иеленгені құжатталды.
Қәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде қамауға алынды. Оның ісі "аса құпия" деп танылды. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырды. Мәсімов үкімге шағымданғанымен, апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
2024 жылдың жазында Мемлекет басшысы мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекеттену айыптары бойынша сотталған экс-ҰҚК басшысының кешірім сұрау өтінішін қабылдамау туралы шешімге келді.
[caption id="attachment_41299" align="alignnone" width="1280"]
ҰҚК РК[/caption]
ҰҚК РК[/caption]
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026