“Соғыс жылдары аяқ киім жоқ. Бар болғанның өзінде қыста киеміз деп сақтап қоямыз. Суықта ғана киеміз. Жаз-күз айларында жеңіл бәтеңке киіп барамыз. Кейде жалаң аяқ та жүре береміз. Бір күні күздің аяғына қарай мектепте отырғанда қар жауып кетті. Көзді ашып-жұмғанша айнала ақ мамыққа оралды. Сыныптастарымыздың ата-аналары келіп, балаларын алып кетті. Менің алып кететін ешкім жоқ. Сол түні мектепте қонатынымды сездім. Ол кезде от та жақпаған. Айтқанымдай, мектепте түнеп шықтым. Партаның үстінде отырдым. Менімен ешкімнің ісі жоқ. Түнімен неше түрлі қорқынышты дүниелер көз алдыма келді. Алағызып, елегізіп қатты қорықтым. Сол түн мені есейтіп жіберді. Жетім екенім есіме түсті. Артымда жанашыр адамым жоқ екенін ұқтым. Өмір деген осы екен ғой деп ойладым”, – деді актер.
"Жетім екенім есіме түсті": Асанәлі Әшімов мектепке қонған кезін есіне алды (ВИДЕО)
06.12.2024
296
КСРО халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов балалық шағын есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Аңыз адам меценат, блогер Дулат Тастакеевке сұхбат беріп, есінен кетпейтін ауыр түн туралы айтып берді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026