1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстан тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірі саналады. Алайда бұл жағдай кенеттен пайда болған жоқ. Оған алып келген саяси шешімдер мен кадрлық өзгерістер Мәскеуде бірнеше жыл бұрын-ақ қалыптаса бастаған. Бұл туралы экс-дипломат, қоғам белсендісі Қазбек Бейсебаев Facebook парақшасында жазды.
Кеңес Одағында билік басына келген Михаил Горбачев партиялық жүйенің классикалық өкілі болды. Ол жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін кәсіби салада емес, бірден комсомол және партиялық қызметке араласып, жүйе ішіндегі ықпалын кезең-кезеңімен арттырды. Ставрополь өлкесін басқарған жылдары одақтық элитамен тығыз байланыс орнатып, сол арқылы Мәскеуге жол ашты.
Брежнев дәуірінің соңында билік мұрагері ретінде Украина басшысы Владимир Щербицкий қарастырылғаны туралы деректер бар. Алайда Брежневтің қайтыс болуы, одан кейін Андропов пен Черненконың қысқа мерзімді билігі Кремль ішіндегі тепе-теңдікті өзгертті. Осы кезеңде партия басшылығында бірнеше ықпалды топ қалыптасып, олардың арасындағы күрес күшейді.
Черненконың денсаулығы күрт нашарлаған тұста нақты басқару вакуумы пайда болды. Сол сәтті ұтымды пайдаланған топтың алдыңғы шебінде Горбачев тұрды. Ол Политбюро мүшелерінің бір бөлігінің Мәскеуде болмауын пайдаланып, шұғыл шешімдер қабылдатуға қол жеткізді. Нәтижесінде Горбачев КОКП Бас хатшысы болып бекітілді.
Билікке келгеннен кейін Горбачев бұрынғы ықпалды кадрларды әлсіретуге кірісті. Бұл үдеріс одақтас республикаларды да айналып өтпеді. Қазақстанда ұзақ жылдар бойы басшылық еткен Дінмұхамед Қонаев Мәскеу үшін ықпалды әрі тәуелсіз тұлға саналды.
Алғашқы жоспар бойынша Қонаевты орнынан алу Қазақстан Компартиясының съезі арқылы жүзеге асуы тиіс еді. Алайда бұл сценарий іске аспай қалды. Соған қарамастан, орталық билік Қазақстандағы кадрлық өзгерістерден бас тартпады.
Ақыры, республикаға мүлде бейтаныс тұлға — Геннадий Колбиннің тағайындалуы қоғамда үлкен түсінбеушілік тудырды. Жергілікті ерекшеліктерді білмейтін басшының сырттан әкелінуі әлеуметтік наразылықты күшейтіп, көп ұзамай ашық қарсылыққа ұласты.
Саяси тұрғыдан алғанда, Колбиннің тағайындалуы Кремльдегі билік үшін күрестің тікелей салдары болды. Ал оның зардабы Қазақстан жастарының алаңға шығуымен көрініс тапты.
Сарапшылардың пікірінше, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы — орталықтың республикалармен санаспай қабылдаған шешімдерінің қаншалықты қауіпті екенін айқын көрсеткен тарихи сабақ.
Желтоқсан оқиғасына дейін: Кремльдегі кадрлық ойындар Қазақстанды қалай шайқалтты
Фото: dalanews.kz
15.12.2025
1733
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026