”Жасыратын түгі жоқ, ажырасу өз басымнан өтті. Өте көп қорқыныштар болды. Мен қазір кетсем кімге керекпін, балама кім әке болады, қандай адам кезігеді, ендігі кездескен бұдан бетер жаман бола ма екен, ел не дейді деген қорқыныштар болды. Өз өзіңе сенімсіздік деуге болады. Мен бұл мәселемді анама, бауырларыма да айтпағанмын. Мен қазір оны жамандасам, кейін қайта қосылып жатсақ та абыройымыз болмайды деп ойладым. Өзім шешуге тырысатынмын. Сол себепті мен ондай жағдайдағы әйелдерді жақсы түсінемін. Өзіңізші ойлаңызшы, мен танылып келе жатқан әнші болдым. Мансабым жақсы, баспана мәселе болған жоқ, филармониядан үй алдым. Жалақым бар, астымда көлігім бар. Сөйте тұра, менде қорқыныш болды. Ал, көп әйелдер мүлде жұмыс істемейді. Ауылда, жағдайлары жоқ. Олар 5 есе қорқады. Әйелдерге арналған арнайы ұйымдар болу керек деп ойлаймын. Мемлекет қаржылай көмектессе, психологтар жұмыс істесе, 4-5 айда әйелдер өзгеріп, басқа болып шығады. Әйелдерге берер кеңесім — қорықпаңыздар. Қараңғы түнектің артынан міндетті түрде жарық шығады”, — дейді ол.Желі қолданушылары өнер иесінің бұл ойына түрлі пікір жазуда. ”Өте дұрыс айтады. Қазір әйелдер мықты болу керек”, “Менің басымнан осы жағдай өтіп жатыр, баламен қайда сыямын деп қорқамын”, “Мені де елдің сөзі ұстап жүр”, “Түсінбедім екінші рет те ажырасты ма сонда”, “Түрі не болып кеткен”, “Кореяға барып түрін әбден өзгертіпті, танымай қалдым”, — деп жазды олар.
"Жасыратын түгі жоқ": Маржан Арапбаева ажырасқанын айтып, әйелдерге кеңес берді
09.04.2025
355
Маржан Арапбаева ажырасқан кезін еске алды. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлайды.
Әнші Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында алғашқы некесінің сәтсіз болғанын айтып, ажырасқан әйелдерге кеңес берді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026