– Мен елім үшін ұялып отырмын. – Оларды біз бір жылдан аз уақыттан бері сүйемелдедік. Жапон инвесторына қатысты мәселелер Қазақстандағы серіктестері мен қызметкерлерінен шықты. Алғашқы бухгалтер қаражаттың бір бөлігін алып кеткен, ал менеджер кеңсе орнына жай ғана пәтер жалдап, олар сол жерде бірнеше ай отыруға мәжбүр болған. Кейін қоймада өрт шығып, ірі шығынға ұшырады. Тергеу ұзаққа созылып жатыр, кінәлі адам әлі анықталмады, сондықтан залалды өндіріп алу мүмкін болмай тұр. Ақыр соңында, олар үлкен шығынмен Қазақстаннан толық кетіп, қайтып келмейтінін мәлімдеді. Ал оларда үлкен жоспарлар болған, бірнеше миллиард теңге инвестиция салмақ еді. Енді қазір олармен "Zoom" арқылы сөйлесіп отырмын, елім үшін ұялып отырмын. Тағы бір инвестор Қазақстаннан көңілі қалып кетті, – деп жазған Сералин Threads желісінде.Жапон инвесторының көңілі қалғаны соншалық, ол Қазақстанға қайта келмейтіні туралы мәлімдеген. Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту – елдің экономикалық дамуының негізі. Бірақ сенімсіздік, заңсыздықтар және алаяқтық инвесторлардың көңілін қалдырып, олардың елден кетуіне себеп болады. Бұл оқиға – Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту қажеттігін еске салатын ащы сабақ.
Жапондық миллиардердің Қазақстаннан көңілі қалған
10.05.2025
316
Қазақстанға миллиардтаған теңге инвестиция салуға бел буған жапондық инвестор ақыры елден кетуге мәжбүр болды. Оның үлкен жоспарлары күлге айналып, болашағы жарқын жобалары жабылды. Бұл туралы заңгер Бауыржан Сералин өз жазбасында бөлісті. Ал енді не болғанын бірге қарастырайық, деп жазады Ozgeris.info.
Жапон кәсіпкерінің Қазақстанда үлкен жоспарлары болған. Бастапқыда 3-5 дүкен ашып, кейін олардың санын 30-ға жеткізу. Жоспарлар тамаша көрінгенімен, шынайы өмір басқаша болды. Заңсыздықтар мен адасқан сенім оның арманын күйретті. Алғашқы қиындық – сенімге кірген серіктестерден басталды.
Жапон инвесторына қызмет көрсетіп жүрген бухгалтер қаражаттың бір бөлігін ұрлап кеткен. Бұл аздай, кеңсеге деп жалға алынған орын жай ғана пәтер болып шықты. Инвестор қызметкерлерімен бірге сол жерде бірнеше ай бойы жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Жамандық жалғыз келмейді дейді. Қоймада өрт шығып, үлкен шығынға әкелді. Тергеу ұзаққа созылып, кінәлі адам анықталмады. Бұл кезде инвестордың жүйкесі сыр бере бастады. Жоғалған қаражатты қайтару мүмкін болмай, ол жаңа жобалардан бас тартуға мәжбүр болды. Инвестордың Қазақстандағы қызметкерлерімен де қиындықтар туындады. Кейбір қызметкерлер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, сенімге селкеу түсірді. Жапондық кәсіпкердің бизнесі бірінен соң бірі дағдарысқа ұшырап, соңғы үміті де өше бастады.
Бауыржан Сералиннің айтуынша, ол енді тек «Zoom» арқылы сөйлеседі, ал Қазақстанға оралғысы жоқ.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026