Мәжіліс медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады. Заң аясында Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бап енгізіліп, дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту қылмыс деп танылады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.
Егер өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданылса, айыппұл салынады немесе қоғамдық, түзету жұмыстары тағайындалады, сондай-ақ 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған. Ал ауырлататын мән-жайлар болса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін күшейтіледі. Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану жағдайында кінәлілер 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауыр жағдайларда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар, күш қолдану қаупін төндіру дерегі үшін де жеке жауапкершілік енгізіледі. Мұндай жағдайда айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту немесе 2–3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы көзделген. Заң жобасын әзірлеуді Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдардан кейін тапсырған.
Жаңа заң қабылданды: Медицина қызметкерлеріне қол көтергендер 12 жылға дейін сотталады
Фото: Pixabay
17.12.2025
1169
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026