Жалақысы күніне 1,6 млн теңге болатын Черчесовке салынған айыппұл көлемі 738 400 теңге ғана
17.10.2024
257
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке айыппұл салды, деп жазады Ozgeris.info Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған еді. Кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов мәжілістегі "дөңгелек үстелде" бас бапкерге ескерту жасағанын және оған айыппұл салынғанын айтты.
Осы орайда Қазақстан футбол федерациясынан айыппұлға қатысты жауап алды. ҚФФ-ның баспасөз қызметі айыппұлдың мөлшері 200 АЕК (738 400 теңге) екенін және оны Қазақстан футбол федерациясы салғанын айтты. Айта кетейік, бұл оқиға 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында болған.
Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан. "Негізі бұл сұрақты Францияның "ПСЖ" клубының формасын киіп алған қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.
Бұған дейін футбол инсайдерлері "Ұлттық құрама тізгінінде болған үшін Черчесов жылына орта есеппен 581.7 млн теңге алады, бұл шамамен күніне 1.6 млн теңге" деген ақпарат жариялаған. Алайда Қазақстанның футбол федерациясы бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“Маманның жалақысы келісім-шарттағы құпиялыққа байланысты жария етілмейді,”- деп хабарлады ҚФФ.
Сондай-ақ бас бапкердің жалақысы бюджет қаражатынан төленбейді деп тоқталып өтті.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026