Хоккейден алтын: Еліміз Азия ойындарының қорытындысы бойынша үздік бестікке кірді
14.02.2025
309
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарын медальдар саны бойынша жалпы есепте төртінші орынмен аяқтады. Ел спортшылары барлығы 20 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын, тоғызы күміс және жетеуі қола жүлде, деп жазады ozgeris.info сайты.
Барлығы 85 медальмен, оның ішінде 32 алтын, 27 күміс, 26 қола медаль иеленген жарыс қожайындары Қытай құрамасы ойындарды бірінші орынмен аяқтады. Екінші орынды 45 медальмен (16 алтын, 15 күміс, 14 қола медаль) Оңтүстік Корея иеленсе, 37 медальмен (10 алтын, 12 күміс, 15 қола) Жапония құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Өзбекстан мен Филиппин бір алтыннан алып, бесінші орынды бөлісті. Солтүстік Корея бір күміспен жетінші орында. Ал сегізінші орынды Тайвань (Қытайлық Тайбэй) мен Тайланд (1 қола медаль) иеленді.
Қазақстан үшін бұл алтын медальдар саны бойынша тарихтағы ең төменгі нәтиже. Спортшыларымыздың Азия ойындарындағы ең үздік көрсеткіші 2011 жылы тіркелді. Ол уақытта біздің команда 32 алтын медаль иеленген болатын.
Айта кетейік, спорттық жарыстар Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау-шаңғы курортында 7-14 ақпан аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан құрамасынан спорттың 10 түрінен 137 спортшы сынға түсті.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026