«Ғылыми зерттеулер — қымбат тұратын іс, — деді Сағынтаева. — АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Үндістан және Израиль секілді елдер ғылымға ЖІӨ-нің 3 пайызынан астамын бөледі. Мысалы, Израильде — 4,9%, Оңтүстік Кореяда — 4,8%. Сондықтан да бұл мемлекеттер жаһандық ғылыми күн тәртібін айқындайды».Бұл көрсеткіштер аясында Қазақстанның ғылымға салатын қаржысы тым мардымсыз. Ресми мәліметке сәйкес, мемлекет ғылымға ЖІӨ-нің небәрі 0,13 пайызын ғана жұмсайды — бұл дамыған елдермен салыстырғанда ондаған есе аз. Сағынтаеваның сөзінше, үкімет 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 1 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Алайда бұл мақсаттың өзі — амбициялы болғанымен — жаһандық стандарттардан әлі де едәуір артта қалатынын көрсетеді.
Ғылым қаржы талап етеді: Қазақстан дамыған елдерден ондаған есе аз инвестиция салады
16.04.2025
289
Ғылым тек қаржылай емес, адами, уақыттық және институционалдық ресурстарды да талап етеді. Бұл туралы Nazarbayev University-дің вице-провосты әрі Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Оның айтуынша, алдыңғы қатарлы мемлекеттер ғылымды жүйелі әрі ауқымды қолдауға ден қойып, жалпы ішкі өнімнің 3 пайызынан 5 пайызына дейін қаржы бөледі.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026