Гүлшара Әбдіқалықоваға «Ханның қызы» деп ат қойған белсендіге сот үкімі шықты
28.11.2024
253
Қызылорда облысының аудандық соты блогер Сандуғаш Тұрлыбекованы бопсалау фактілері бойынша 4,8 жылға бас бостандығынан шектеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот сондай-ақ оған осы аралықта әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды.
Айта кетейік, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылы Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы «Ханның қызы» деп атаған еді. Өйткені, Әбдіқалықова аймақтарды аралап жүрген кезде жолды жапқан еді.
Сандуғаш Тұрлыбекова арада төрт жыл өткенде қолға түскен. Тергеу анықтағандай, ол әлеуметтік желіде белгілі бір лауазымды атқарып отырған адамдарға қатысты сыни пост жазған. Жазбаларын өшіру үшін сол адамдардан ақша талап еткен.
Тұрлыбекованың үстінен бас-аяғы сегіз адам осы бап бойынша арызданған екен. Алайда, алты адам келісімге келіп, арыздарын қайтып алған. Екі адам істі сотқа жеткізіп, Тұрлыбекованың ақша бопсалағанын дәлелдеген.
Аудандық сот блогер әйелді 4,8 жылға бас бостандығынан шектеп, әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды. Моральдық шығын ретінде Тұрлыбекова оларға жалпы сомасы 300 мың теңге төлеуі керек.
Соттың шешімі күшіне енген.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026