"Стоиловқа Қазақстан құрамасы айтарлықтай қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта ол Түркияның "Гёзтепе" клубында жұмыс істеп жатыр, бірақ барлық ұсыныстарды қарастыруда. Білгенімше, қаржылық тұрғыдан тиімді ұсыныс болуы мүмкін", – деді Тилавпур.Өзбекстандық басылымның қосымша мәліметінше, болгариялық маманмен келіссөзді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов жүргізуде. Айта кетейік, бұл екі маман “Астана” футбол клубында бірге қызмет атқарған еді. Станимир Стоилов бұған дейін 2018–2019 жылдар арасында Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. Болгариялық маманның жетекшілігімен ұлттық құрама 9 ойын өткізіп, 3 рет жеңіске жетті, 3 рет тең ойнап, 3 матчта жеңіліс тапқан. Стоилов Ұлттар лигасы жарысында Қазақстанды топтан шығара алмаған еді. Сондай-ақ, Станимир “Астана” футбол клубының 2014–2018 жылдары бас бапкері қызметін атқарды.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне болгариялық маман келуі мүмкін
13.02.2025
250
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкерлігіне болгариялық маман Станимир Стоиловты қайта шақыруы мүмкін, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл ақпаратты агент Кова Тилавпур жеткізді. Журналист қазіргі уақытта Түркияда қызметте жүр. Ал Станимир Стоиловта қазір түркиялық “Газтепе” футбол клубында бас бапкер қызметін атқаруда. Түркия Суперлигасында измирлік команда 22 ойыннан кейін 35 ұпай жинап, кестеде бесінші орында келеді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026