Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
19.12.2024
316
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Мәдиев Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.
- Қазіргі таңда «есірткі көмгені» үшін сотталғандардың бір бөлігіне тағайындалған жаза қайта қаралуы мүмкін. Нақты айтқанда 1000-нан астам тұлға мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады.
Олардың құқықтары жазаны өтеу мекемелері арқылы ұсынымхат рәсімдеу арқылы немесе адвокат арқылы қорғалады. Әр жағдайды сот жеке қарады. Осылайша сотталғандар жазаны жеңілдету құқығына ие болады, - деді вице-министр.
Оның сөзінше, 4 мыңға жуық адам есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған.
- Олардың арасында шамамен 1220 адам есірткі көмегін үшін жаза арқалаған. Бұл көбінесе курьерлер мен есірткі көмушілер. Бір сөзбен айтқанда есірткі саудасына қатысқандар, - деді Санжар Мәдиев.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026