«Сегрегация деген Құранда жоқ содан бастайық. Еркек пен әйел бөлек отыру деген жоқ. Себебі, Құрандағы әйелдердің орамал тағуға қатысты аяттың басында негізі еркектерге қатысты айтылады. «Ар-ұяттарыңа ие болыңдар. Бірінші еркекке, одан кейін әйелдерге де ар-ұяттарыңа ие болыңдар және орамалдарыңды кеуделеріңе түсіріңдер» деп айтады. Негізі, контекстке қарайтын болсақ Пайғамбардың алдында еркек пен әйелдің қатар отырғанын көрсетеді. Сегрегация деген нәрсе, әйелді бөліп тастау деген нәрсе жоқ. Ар-ұятты сақтау бірінші еркектерге айтылады, сосын барып әйелдерге қатысты. Негізгі контекст сол. Ал ол сол замандағы шешім. Былайша айтқанда, сол қоғамдағы еркек пен әйелдің бір кеңістікте отырып бірақ ар-ұятты сақтап, белгілі бір этикаға сүйеніп ережені сақтау керек», — деді дінтанушы ғалым.
Еркек пен әйел бөлек отыру керек пе? - Дінтанушы жауап берді (ВИДЕО)
30.04.2025
334
Дінтанушы-ғалым Асылтай Тасболат Құранда еркек пен әйел бөлек отыру дегеннің жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026