Досаев өз репертуарында: Алматы әкімдігі жақсы атын шығару үшін 44,6 млн теңге жұмсамақ
30.10.2024
360
Алматы әкімдігі өзінің жақсы атын шығару үшін 44,6 миллион теңге жұмсамақ. Бұл қаржыны бар-жоғы екі айдың ішінде жарату керек, - деп жазады ozgeris.info тілішісі kursiv.media телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бөлінген ақшаға қала билігі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та PR жүргізеді. Олар медиа-жоспар дайындап, қазақ немесе орыс тілінде 108 материалды орналастырады. Материалдар PR және «жарнама» белгілерінсіз Instagram және Telegram желілерінде жарияланады.
Әкімдікпен шарт жасасу үшін Instagram-да миллионнан астам, ал Telegram арнасында 20 мыңнан астам оқырман болуы керек.
Жұмыс 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Жеңімпаз әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, Алматы әкімдігі Ерболат Досаевтың есімі қай жерлерде аталғаны туралы мониторинг жүргізіп жатыр деген хабар тараған еді. Алайда әкімнің өзі мұны жоққа шығарды.
Досаев жиі сынға ұшырайтын әкімдердің бірі. Қыркүйек айының басында алматылықтардың бірі әкімнің алдына бару мұң екенін, оны тек концерттерден "ұстап алуға" болатынын айтқан.
Ал бұған дейін ол ауласынан қоқыс жәшіктерін алып тастауды өтінген алматылық әйелмен сөзге де келіп қалған еді. Мәселенің шешімі ретінде әкім қоқыс жәшігін тұрғынның үйінен әрі қою үшін арнайы өзі жүріп халықтан қол жинайтынын айтқан.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026