«Дене жоқ, рахат хәл»: Дінтанушы о дүниеде не көргенін айтып берді
29.05.2025
568
Кәсіби коуч, халықаралық дәрежедегі парапсихолог, дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы о дүниеде не көргенін айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, өліп көрген адам, тірілгісі келмейді.
«Ешкімнің қайтып тірілгісі келмейді, өйткені ана халді сипаттап бере алмайсың. Дене жоқ, рахат хәл. Тек қана рух хәлі деп айтуға болатын шығар. Одан соң бітті, тура баяғы өліп тірілген адамның барлығы айтатындай зуылдап тұрып туннельдің бойымен жоғары қарай көтерілір бара жаттым.
Мақсат ана жаққа жетіп алу сияқты, басқа еш нәрсе менің есімде жоқ. Зуылдап жетіп бара жатқанда, жетіп қалды ау дегенде, сезім, түйсік болады ғой, демек рухтың да түйсігі бар, сол сәтте «Мама» деген баламның дауысы естілді.
Содан селк етіп, сілкініс секілді бір нәрсе болды. Жылдамдық тоқтады, бірден құлдырау бастады. Содан кейін барып, шын мәнінде көзімді ашқанымды білемін. Алдыңғысы рухтың көзі болған шығар. Бұл жерде кәдімгідей тәннің көзін ашқанымды білемін. Көзімді ашып, жан-жаққа қарап, сол қабырға, сол үй. Неге тірі қалдым деген ой келді маған», — деді дінтанушы.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026