"Бұрын киіз үйде қайткен?". Келінін терезеден кіргізген ененің әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)
19.08.2024
335
Әлеуметтік желіде егіздердің үйлену тойынан видео тарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Видеода егіздердің отау құрып жатқанын көруге болады. Бір күнде екі келін түскен соң бірі - есіктен, енді бірі - терезеден кіреді. Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Көпшілік мұндай салт қазақта жоқ екенін жарыса жазып жатыр.
"Бұл қазақтың салты емес. Киіз үйде терезе жоқ қой", "Үшем үйленсе, үшіншісі мұржадан кіре ме?", "Мәйітті солай шығаратын еді, кешіріңіз", "Екеуі де есіктен кірсе болмай ма?", "Бұрында киіз үйде қайткен? Терезесі жоқ қой", "Көпқабатты үйде тұрса қалай болады екен?", "Негізі қос келінді тойдың арты үзілмесін деп бірінен кейін бірін қатарласа кіргізеді. Ал бір үйден екі мәйіт шықса, арты қатарласпасын деп біреуін терезеден шығарған", - деп жазды желі қолданушылары.
Бүгінде видео миллионға жуық қаралым мен екі мыңнан аса пікір жинап үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өз ұзату тойында әкесіне көлік сыйлаған қыз туралы жазған едік.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026