«Бір-бірін қалай ажыратады»: Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйленуге ұсыныс жасады
14.11.2024
270
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйленуге ұсыныс жасады. Әлеуметтік желіде көпшіліктің көзайымына айналған жұп "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Зәуре мен Фатиманың айтуынша, олардың егіз жігіттермен көңіл жарастырғанына үш айдың жүзі болған. Алайда арулар бір үйге келін боламыз деп мүлде ойламаған көрінеді. Олар тіпті жігіттердің үйленуге ұсыныс жасайтынын да білмедік дейді.
"Біз хабардар болған жоқпыз. Топтағы қыздармен мейрамханаға барамыз деп ойлағанбыз. Бізді алдап шақырды. Жасымыз 18-де. Мамандығымыз – жалпы медицина", - дейді Зәуре мен Фатима.
Ал егіз қыздардың жүрегін жаулаған Асан мен Үсен Қорғаныс министрлігінің грантымен білім алып жатыр. Олар болашақ жұбайлары әскери қызметке де түсіністікпен қарайды деп санайды.
"Иә, Қорғаныс министрлігінің берген грантымен Өзбекәлі Жәнібеков университетінде оқимыз. 2-курс студенттеріміз. Жасымыз 20-ға келіп қалды. Келешекте әскери салада қызмет етеміз. Әскери адам болған соң болашағымыз қыздар шыдай ала ма, шыдай алмай ма, соған да байланысты", - дейді Асан мен Үсен.
Бүгінде ерекше жұп тойға дайындықты бастап кеткен. Ал желі қолданушылары егіздерге бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырып жатыр.
"Керемет", "Бақытты болсын", "Егіздердің жұптасқанын қолдаймын", "Егіз балалар бұйырсыншы", "Бір-бірін қалай ажыратады?", "Қызық екен", "Жарайсыңдар", - деп жазды жұрт.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026