"Бекер төккен терлерім": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерін жариялады
22.02.2025
367
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өлеңдерін жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзіндіні Instagram парақшасында жария етті.
Әлеуметтік желіде жарияланғандай Заманбек Нұрқаділов "Мақпалға", "Элегия" өлеңдерін жазған.
Мақпалға
Сенесің бе?
Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін.
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...
"Махаббат бар" - жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін...
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппі...
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...
Элегия
Бәрі сатты, жалғыз қалдым
Заңы солай аздықтың,
Ізсіз жаудан өсті тікен,
У боп шықты қастықтың.
Байқамаппын қызғанышты,
Залымдықты ескермей,
Қанпезерлер бой көтерді —
"Жемісі" ғой жастықтың.
Қанпезерлер гүл жайнап жүр
"Жемісін" деп мастықтың,
Оқ қағары жалғыз мен ем,
Сонда неге асықтым?
Сол адамның тағын қорғап
Бекер төккен терлерім,
Бұршақ болып қайтып жатыр
Зәр бұлтынан пасықтың.
Жаба алмайсың абақтыңа,
Былғатпаймын денемді,
Жіберсең де шабуылға
Топ-топ болған кенеңді.
Ұстамдылық, бар төзімді
Тек жеңіске арнап ем,
Әлсіздік деп ойламаңдар,
Шейіт кетсем мен енді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026