Баян Алагөзова кіші қызының «шешесі» Аша Матай екенін айтты
30.09.2024
270
Отандық продюсер Баян Мақсатқызы Алма есімді төртінші қызын қырқынан шығарды. Тұрсын Алагөзовтің жұбайы қуанышты күннің видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
Алманы қырқынан шығаруға Баян Мақсатқызының жақындары келген. Ақ дастархан басына жиналғандар арасында Баян Мақсатқызының анасын, Аша Матай мен Арман Қоңырбаевты, Айсәуле Бақытбек пен Салтанат Байқошқарованы, сондай-ақ Ғалия Байбосынованы байқауға болады. Құдағиын айтулы күнмен құттықтауға Диляра Қайдарова да келген.
"Бақытты болғыңыз келсе, болыңыз. Бақыт сырттан келмейді, оны әр адам өз жүрегінен, өз айналасынан табуы керек. Бақытты болғың келсе, бақытыңды бөліс! Бүгін бақытты күн",- деп жазды продюсердің өзі.
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов қызының "кіндік шешесі" ретінде Аша Матайды таңдаған. Бұл жайында тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Алма деген тәтті қыздың кіндік шешесі болып тағайындалдым! Тұрсен жездем мен Баян тәтем біраз ойланып, қабылдаған шешімдері екен. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар. Саған ұқсаса, жаман болмайды дейді. Мен үшін бұл үлкен қуаныш, абырой. Аллаға шүкір! Көпбалалы анамын, енді менің 6 қызым бар!", - деді ол.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026