"Иә, соңғы уақыттардағы жаңалық баршамыздың жанымызға батқаны жасырын емес. Батыс Қазақстан өңіріндегі ахуалға бәріміз де алаңдаулымыз. Осынау сын-сағатта бөлінуді емес, бірігуді басты мақсат етуіміз қажет. Осы ахуалда төбе көрсетіп, елдің ортасынан табылған, қаржылай көмек берген әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновке ризамын. Елден алыс жүрсе де, елмен бірге екенін көрсеткеніне респект. Тектілігі бойына өнерімен бірге дарыған талантты әншіміз аман болсын! Елдің “елдігін” көрсетіп жүрген азаматтарға кемінде сөз жәрде берудің өзі қазіргі жағдайда ғанибет. Әрбір өңірден гуманитарлық көмек ұйымдастырып, қолдап жатқандарға мың алғыс! Қазіргі ахуалда ақпарат таратуда ба абай болғанымыз жөн. Талай сын сағаттарда бірлігімізбен еңсеріп келе жатқан халықпыз. Қазіргі уақыт Билік пен халық деп арасын алшақтататын кезең емес. Мемлекет тарапынан да , халық тарапыпан да болып жатқан көмектердің арқасында бұл жағдайдан да өтеміз, бауырлар! Мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар да гуманитарлық көмекте шет қалмай, адамдарды эвакуациялауда да жұмылып жатқанын да ескерейік! Қарапайым азаматтар секілді елмен бірге мұңайып жүрген жандар да арасында жетерлік! Бұл - бәрімізге ортақ мәселе! Еңсерген кездегі жеңіс те ортақ болады! Аман болайық, бар болайық! Өз ойымды айтқаным болсын! Күшіміз - бірлікте! Бөлінеміз деп, бөріге таланып қалмайық!".Айта кетейік, Димаш Құдайберген су апатынан зардап шеккен халыққа 1млн доллар аударған болатын. Азат Дидарбектің сөздері: https://www.facebook.com/share/p/EnaBwAVgSS23fF6D/?mibextid=WC7FNe
Азат Дидарбек: Димаш Құдайбергенге ризамын
11.04.2024
329
Журналист Азат Дидарбек өзінің Facebook парақшасында су астында қалған Қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Димаш Құдайбергенге халыққа ақшалай көмегі үшін алғысын айтты.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026