"Сотталушылар ҚК-тің 141-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзiмге айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 63-бабын қолданумен жаза шартты түрде тағайындалып, белгіленген жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді", - делінген сот үкімінде.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Атырауда бала кәріз құдығына құлап, қаза тапты: балабақша директоры мен тәрбиешісі сотталды
26.11.2024
277
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балабақша басшысы мен тәрбиешісін өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Сотталушы С. 2023 жылғы 21 мамырда рұқсат құжаттарын алып, өз атына Д. жеке кәсіпкерлігін тіркеп, "Чебурашка" квазимемлекеттік балабақшасын ашқан. Осы мақсатта 2023 жылғы 26 мамырда Атырау қаласынан екі қабатты ғимаратты жалға алған. 2023 жылғы 7 шілдеде Д. балабақша директорының бұйрығымен топ тәрбиешісі қызметіне жұмысқа қабылданған. Функционалдық міндеттері бойынша сотталушылар балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты болған.
2023 жылғы 1 қарашада кәмелетке толмаған 2020 жылы туған бала тәрбиешісі болып қызмет еткен Д-ның тобына қабылданған. 2024 жылғы 10 шілдеде сағат 10:45 шамасында С. және Д. өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамай, баланы қараусыз қалдырған. Салдарынан бүлдіршін кәріз құдығына құлап, қаза тапқан.
Сотталушылар кінәларын толықтай мойындады. Сондай-ақ олардың кінәлары оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, фотокестелермен, куәлардың айғақтарымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденген.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026