Сөзінше, қыз мектеп психологымен сөйлескен, бірақ маман оқушының мінез-құлқынан ешқандай дабыл қағатындай нәрсе аңғармағанын айтты. 8-сынып оқушысы орыс сыныбында оқыған және анасымен ғана тұрған. 750 орынға есептелген №24 мектепте 2262 оқушы бар. Қазір оқу орны үш ауысыммен жұмыс істейді.Жасөспірімнің өзіне қол салуы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Атырауда 13 жастағы оқушы өзіне қол салды
17.09.2024
277
Атырауда 10 қыркүйек сағат 23:30 шамасында 13 жастағы қыз өзіне қол салды. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі “АқЖайық” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыз Привокзальный ықшамауданындағы №24 мектептің 8-сынып оқушысы екен. Бейресми деректер бойынша, өз-өзіне қол жұмсауына буллинг себеп болған. Алайда мектеп директоры Әлия Еділбаева мектептегі оқушы немесе мұғалімдердің тарапынан буллинг болмағанын айтады.
“Мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын айта алмаймыз. Бірақ мектепте ресми түрде бірде-бір буллинг жағдайы тіркелмеген. Қыздың бұрыннан тұйықтау екені белгілі, бірақ ол жақында ашыла бастады, сыныптастарын көргенде құшақтап амандасатын. Мектеп оқушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысады және осы мақсатта былтыр шығармашылық топтар ашылған”, – деді директор.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026