Атырау облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам жарақат алды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам жарақат алды

14 қараша күні Доссор – Құлсары тас жолының 77-шақырымында жол апаты тіркелді деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

 

Қатты соқтығыс нәтижесінде төрт адам жарақат алды Toyota Camry-дің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен медициналық жедел жәрдем жеткен. Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.