“Атбасарда жаз-күз мезгілінде Жабай өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілген жоқ. Ал судың кедергісіз ағуы – қаланың қауіпсіздігінің басты факторы. Сонымен қатар, өзен арнасының бойындағы қорғаныс топырақ үйіндісінің бар болғаны 200 метрі ғана нығайтылған, ал жалпы ұзындығы – 9,5 шақырым. Сондай-ақ, бұл үйінділерге су өткізу жүйелерін орнату мәселесі де бар. Жұмыстарды орындау бойынша нақты кесте жоқ”, – деді ол.Атбасар әкімдігі жаңа аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерілген қар суын бұруға арналған арна салынып жатқанын хабарлады. Алайда, синоптиктердің болжамы бойынша, наурыздың үшінші онкүндігінде тасқын басталуы мүмкін. Ал арна құрылысы қар суы ерігенге дейін аяқтала ма, жоқ па – үлкен мәселе.
Атбасарда көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге салынған үш үй су астында қалуы мүмкін
06.02.2025
6599
Ақмола облысы Атбасар қаласында өткен көктемдегі тасқыннан зардап шеккендер үшін салынған 100 пәтерлік үш үйді су басу қаупі төніп тұр.
Атбасар тұрғындары Жабай өзенінің жағдайына байланысты үйлерінен көшуге мәжбүр болған. Бұл өзен жылдың 11 айында тыныш, бірақ сәуірде еріген қар суының салдарынан арнасына шығып, тасиды.
Жергілікті билік жаңа үйлер қауіпсіз аймақта салынған, өзеннің тасқыны оларға жетпейді деп сендірген. Алайда, Halyqstan тілшісінің хабарлауынша, жаңа үйлерге қауіп өзеннен емес, егістік алқаптарынан ағатын еріген қар суынан келуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл судың келуі сөзсіз, өйткені биыл қар мөлшері нормадан әлдеқайда көп түскен.
Ақмола облысы ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашовтың мәліметінше, құрылыс және абаттандыру жұмыстары кезінде қарғын судың көп мөлшерде ағуы ескерілмеген. Қазір тұтас жаңа ауданға су басу қаупі төніп тұр.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026