– Осыдан алты жыл бұрын егер біреу мұғалімдердің жалақысы екі-үш есеге өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, қарапайым жұмысшы мамандық иелері Ақордадан мемлекеттік марапаттарға ие болады, Ұлттық қордың қаражаты барлық балалардың шотына аударылады десе, бұған сену тұрмақ, көпшілік бізді орындалмайтын арманды сөз етті деп сөгер еді. Бірақ заман өзгерді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттарды көрсетіп қана қойған жоқ, оған апаратын нақты жолды салып, іске асырды, – деді Аймағамбетов.Оның айтуынша, мемлекеттік реформалардың арқасында білім саласында айтарлықтай өзгерістер болды. Мұғалімдердің еңбекақысы бірнеше есеге артты, ал оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді. Сонымен қатар, қарапайым жұмысшыларға деген құрмет артып, олардың қоғамдағы орны айқындала түсті. Айта кетейік, Мәжілістің бұл отырысы мемлекеттік құрылыс жүйесінің жаңа тарихи кезеңіне арналған. Президент Тоқаевтың бастамалары білім беру, әлеуметтік әділдік және экономикалық тұрақтылық бағытында маңызды қадамдар жасалуына ықпал етуде.
Асхат Аймағамбетов: «Әр жаңа мектеп – болашақтың фабрикасы»
19.03.2025
403
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов елдегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары туралы пікір білдірді. Ол әрбір жаңа мектепті «болашақтың фабрикасы» деп атап, соңғы жылдары мемлекет тарапынан жүзеге асқан әлеуметтік бастамаларға тоқталды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026