"Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлем алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 492 адам, 4 көзден – 1 166 адам), Қостанай (2 көзден – 318 адам, ал 4 көзден – 876 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 248 адам, ал 4 көзден – 882 адам) облыстарында тіркелген. Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиян еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымы болуы - міндетті шарт. Ол зейнет жасына дейін төленеді.
Арнаулы әлеуметтік төлем кімдерге берілді?
28.06.2024
283
8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері 8 476 азаматқа зиян еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл төлемге 9 255 адам өтініш білдірген.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026