Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі: жаңа дерек айтылды
08.10.2024
306
Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Арманұлының өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Әлеуметтік желілерде елімізге белгілі өнер қайраткерлері отбасына көңіл айтып жатыр.
Сондай-ақ әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деп жазды.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Алматы қалалық полиция аталған жағдайға қатысты түсінік берді.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда»,-деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026