"Бұл ақшаны мен пәтерімді жөндеуге және жерлеу рәсіміме жинаған едім. Әйел қазіргі қолданыстағы ақшалар айырбасталатынын айтты. Ол менің көз алдымда берілген ақшаны санады. Жалпы 4 миллион теңге еді", – деп түсіндірді актөбелік әйел полицейлерге.Құқық қорғау органдары алаяқ әйелді тез тауып алды. Әйел 49 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Әйел сотта өзін қорғауға тырысып, қариядан 4 миллион емес, бар болғаны 300 мың теңге алғанын мәлімдеді. Алайда сот жәбірленушінің сөзін растап, шындықты анықтады. Белгілі болғандай бұл әйел бұған дейін үш рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Соңғы рет ол 2024 жылдың 3 қарашасында түрмеден босап шыққан, ал 10 күннен кейін-ақ Актөбеде 92 жастағы қарияны алдап кеткен. Оның бұрынғы қылмыстық ісі жайлы да мәліметтер табылды. 2020 жылы Талдықорғанда ол алаяқтық үшін 4 жылға сотталған. Ол кезде үш қарияны дәл осындай әдіспен алдап, олардан жүздеген мың теңге алған. Одан ертерек, 2015 және 2008 жылдары да алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Демек, түрмеде болған уақыты оны түзеуге көмектеспеген. Актөбеде екі қарияны алдағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. Алайда тәркіленетін мүлкі ретінде тек екі жеңсіз күртеше мен спорттық киім ғана табылған. Үкім шығарылғанға дейін әйел жәбірленушілердің ақшасын қайтармаған. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.
Ақтөбелік зейнеткер жерлеуіне жинаған 4 миллион теңгесінен айырылды
14.03.2025
287
Актөбеде өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған әйел зейнеткерлерді алдаған. Әйел елде жаңа купюраларға ақша айырбастау жүріп жатыр деп сендіріп, олардың бірнеше миллион теңгесін алып кеткен. Бұл туралы ozgeris.info сайты Диапазон порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, алаяқ зейнеткерлермен әңгіме-дүкен құрып өзін Әлеуметтік көмек орталығының қызметкері ретінде таныстырған. Елде жаңа купюраларға ақша айырбастау жүріп жатқанын айтып, көмегін ұсынған. №1 қоғамдық көлігінде әйел 92 жастағы қариямен танысып, оған жаңа купюралардың енгізіліп жатқанын айтып, сеніміне кірген. Қарт кісі оған сеніп, үйіне барып, 670 мың теңге берген. Өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған әйел жаңа ақшаларды кейінірек әкеліп беруге уәде еткен. Алайда әйел үйге ақшаны қайтарып әкелмегеннен кейін қария полицияға жүгінген.
Сол сияқты супермаркет маңында 72 жастағы қала тұрғынының ауыр сөмкелерін көтерісуге көмектескен. Әңгіме барысында өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, ескі ақшаларды жаңасына айырбастап бере алатынын айтқан. Зейнеткер сеніп, оны үйіне ертіп апарып, 4 миллион теңгесін берген. Кейін алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, Әлеуметтік көмек орталығына хабарласып, полицияға арыз жазған. Басынан өткен жағдайдан кейін оның денсаулығы күрт нашарлаған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026