Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 4 жауапкерден анасының пайдасына оны асырау мақсатында әрқайсысынан 7 АЕК-тен алимент өндірілді, – делінген Ақтөбе қалалық сотының хабарламасында.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбеде көпбалалы кейуана 8 баласын сотқа берді
20.09.2024
244
Ақтөбеде кенже қызының қолында тұратын 92 жастағы кейуана алимент өндіру үшін қалған 8 баласын сотқа берді. Анасын көп жыл көрмеген, халын сұрамаған балалардың сотта келтірген дәйегін судья қабылдамай тастады, деп хабарлайды ozgeris.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта талап қоюшы өзінің «Батыр ана» әрі 92 жаста екенін, кәрілігіне байланысты көптеген созылмалы аурудан зардап шегетінін, қазір кенже қызымен тұрып жатқанын, бірақ оның тапқаны еміне жетпейтінін мәлімдеді. Сондықтан ол 5-6 жыл бойы көрмеген өзге 8 баласынан алимент өндіргісі келетінін жеткізді.
Сондай-ақ сотта кіші қызы анасына қамқор екенін дәлелдейтін бейнежазба ұсынды. Ал қалғандары кенже қыздың үйіне, анасына өздерін жолатпайтынын айтып ақталды. Алайда оны сот ескермеді, себебі қарсы уәждері өз дәлелін тапқан жоқ. Сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды. Істі қарау барысында жауапкерлер сотқа аналарына тең дәреже көмек беретіндері туралы шынайы және жеткілікті дәлелдемелер ұсынбады.
Алимент төлеуден талап қоюшының 4 баласы босатылды, себебі олар – зейнет жасында.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026