Посмотреть эту публикацию в Instagram
АҚШ-та Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан түсіріп тастаған
12.01.2025
279
Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегастан Калифорнияға ұшатын рейсте дау шығарып, сапарынан қалды, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Спортшы ұшақта апатты жағдайда ашылатын есік жанынан орын алған. Ұшу алдындағы нұсқаулық кезінде бортсерік одан төтенше жағдай туындаған жағдайда жолаушыларға көмектесе алатынын сұраған. Алайда Хабиб бұл сұраққа анық жауап бере алмаған.
Бортсерік спортшыға басқа орынға ауысуын немесе супервайзерді шақыратынын айтқан. Хабиб орын ауыстырудан бас тартқан. Орын ауыстырмаған жағдайда, ұшпайтынын ескерткен. Хабиб мұны әділетсіздік деп бағалаған. Нәтижесінде спортшы мен танысын ұшақтан түсіріп жіберген.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. 29 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен, жеңіліп көрмеген спортшы.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026