“АҚШ президенті Дональд Трамп атқарушы жарлықпен әлемнің көптеген елдерінен импортқа қосымша тарифтер енгізді. Бұл үлкен қуатты әртараптандырылған экономика мен құбылмалы ресурстарға тәуелді әлсіз экономика арасындағы айырмашылық. Мықты экономика бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, басқа адамдарға қосымша ауыртпалық түсіруге тырысады. Әлсіз экономика бұл ауыртпалықты өздеріне жүктеуге мәжбүр.” - сарапшы Газиз АбишевАқ үйдің ресми мәліметіне сәйкес, АҚШ Қазақстаннан әкелінетін тауарларға 27% көлемінде баж салығын енгізді. Сонымен қатар, құжатта Қазақстанның АҚШ-қа қатысты тікелей және жанама баждары («валюталық манипуляция мен сауда кедергілері» қоса алғанда) 54%-ды құрайтыны көрсетілген. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім қазақстандық металл, ауыл шаруашылығы өнімдері және АҚШ нарығына бағытталған басқа да тауарлар экспортына кері әсер етуі мүмкін. Бұл өзгеріс Қазақстаннан АҚШ-қа жеткізушілердің 27%-дық қосымша тарифке тап болу қаупін тудырады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан АҚШ-қа соңғы он жылдағы ең жоғары көлемде – $1,97 млрд тауар экспорттаған. Негізгі экспорттық өнімдер: Мұнай, Уран (экспорт 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе артқан), Ферроқорытпа, Күміс. Қазақстандық экспорт құрылымында АҚШ-тың үлесі 2,4% құрайды.
АҚШ Қазақстанға қарсы баж салығын көбейтті
03.04.2025
314
АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдеріне өзара кедендік баж салығын енгізетін 185 мемлекеттің тізімі бар кестені Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Базалық тариф 10 пайызды құрайды, алайда көптеген мемлекеттер үшін ол жоғары болып шықты. Мәселен, Қытайдан тауарларға баж салығы 34 пайызды, ЕО елдерінен — 20 пайызды, Швейцариядан — 31 пайызды, Ұлыбританиядан — 10 пайызды, Израильден — 17 пайызды, Қазақстаннан — 27 пайызды құрайды. Ең жоғары алымдардың бірі Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) салынған ,деп хабарлайды Ozgeris info тілшісі Bizmedia порталына сілтеме жасай отырып.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026